Мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігі 10 шілдеге дейін жарамды
Рұқсат мерзімі өтіп кеткен қару мен жүргізуші куәлігі 10 шілдеге дейін жарамды, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес, төтенше жағдай кезінде қаруды сақтауға және алып жүру үшін белгіленген рұқса мерзімі өткен азаматтық қару иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 486-бабына сәйкес осы жылдың 10 шілдесіне дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Осы күнге дейін бұл құжатты ұзартуға болады.
Polisia.kz мәліметі бойынша, бұл норма көлік жүргізу куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жүргізушілерге де қатысты.
Электрондық цифрлық қолтаңбамен “E-gov” электрондық үкіметтің порталы арқылы құжаттарды алмастыруға болады.