Нұр-Сұлтанда КВИ-дан екі науқас көз жұмды: бірі дәрігер, бірі дертті туысынан жұқтырған
livekuban
Олар - 1958 жылғы әйел және 1977 жылғы ер адам.
Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус инфекциясынан қайтыс болған екі науқас жайлы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Өкінішке орай, 13 мамырда екі адам қайтыс болды: 1958 жылғы әйел және 1977 жылғы ер адам. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Емдеу хаттамасына сәйкес, бұл науқастар Республикалық реанимация орталығының жансақтау бөлімінде диагностикалау мен емдеудің барлық қажетті процедураларынан өтті. Емдеу коррекциясы бойынша жетекші мамандармен кеңес бірнеше рет өткізілді. Қарқынды жүргізілген терапия мен реанимациялық шараларға қарамастан науқастар қайтыс болды, - деді Қисықова Facebook-тегі онлайн-брифингте.
Ол 62 жастағы әйел өз-өзін емдеп, 10 күн бойы үйінде ауырып жатқан. Оның жағдайы 31 наурызда күрт нашарлайды. Марқұмның алдында дәрігер болғандығы хабарланған болатын.
1977 жылғы науқасқа келер болсақ, оның отбасында коронавируспен ауырған туысы болған, ол онымен тығыз байланыста болған. Төрт күн үйде карантинде болды. Жағдайы күрт нашарлағандықтан 17 сәуірде ол жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. 22 сәуір жан сақтау бөліміне жатқызылды. Соңғы екі жылда науқас басқа аурулармен де ауырған, - деді елордалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған адамдардың жалпы саны - 34.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript