18 мамырдан бастап мешіттер ашылады

yandex.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2020 01:53 yandex.ru
Карантин талаптарын сақтау үшін жамағатпен оқылатын бес уақыт, жұма, тарауық намаздарына қатысты уақытша шектеулер өз күшінде қалады.

Бұл еліміздегі барлық мешіттің есігі ашылады деген сөз емес. Өйткені әр облыстағы карантин жағдайы әртүрлі, деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, деп хабарлайды zakon.kz.

Карантин талаптарын сақтау үшін жамағатпен оқылатын бес уақыт, жұма, тарауық намаздарына қатысты уақытша шектеулер өз күшінде қалады:

Мешітке келуші барша жамағатты медициналық маска және қолғап киіп кию;

Антисептик құралын жиі қолдану;

Жеке құлшылық жасау кезінде бір жарым метр ара қашықтықты сақтау;

Құран оқитын бөлмеде бір жарым метр қашықтықты сақтап отырып, он адамнан артық кірмеу;

Неке қидыратын бөлмеге төрт адамнан артық кірмеу;

Мешітке лек-легімен, кезекпен кіру;

Мешітке 15 минуттан артық болмау (мешіт ауасын әр үш сағат сайын тазартып отыру үшін).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: