Лукашенко Тоқаевты туған күнімен құттықтады
Ақорда
Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевтың екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жекелей қосқан үлесі мен ұмтылысын жоғары бағалады.
Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz Беларусь Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сіздің күш-жігеріңіздің, тиімді басқару мен жауаптылығыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы тұрақты экономикалық өсімді көрсетіп, мемлекеттік реформаларды жүзеге асырудағы нақты жетістіктерді байқатып, халықаралық аренада өзінің позициясы мен беделін нығайтып келеді, делінген құттықтауда.
Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевтың екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жекелей қосқан үлесі мен ұмтылысын жоғары бағалады.
"Өзара қолдау мен көмек Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы жан-жақты байланыстарды одан әрі тереңдетуге, сондай-ақ арадағы достық, сенім және серіктестік қатынастарды нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін", - деп атап өтті Беларусь Президенті.
Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевқа мықты денсаулық, басына амандық және алға қойған мақсаттарға талмай жетуіне тілектестік білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript