Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавируспен ауруханаға түскен белгілі заңгер желіде жазба жариялап жатыр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2020 22:43 zakon.kz
Адвокат алдында өзіне компьютерлік томография жасалмай жатқанын, жазбаша келісімінсіз СПИД жұқтырған адамдарға берілетін дәрі-дәрмек берілгенін айтып шағымданған.

Алматыдағы жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы өздеріне келіп түскен адвокат Жохар Өтебековтің жағдайы туралы айтып берді. Дәрігерлер оның шағымына қатысты жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

15 мамырда Джохар Өтебеков Facebook-тегі парақшасында өзінің және отбасының коронавирус жұқтырғанын және Алматыдағы жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасына түскенін жазған. Жазбада адвокат өзіне КТ жасалмағанын, жазбаша келісімінсіз СПИД жұқтырған адамдарға берілетін дәрі берілгенін, ал жұбайын палатаға кіргізбей қойғаны туралы атап өтеді. Сонымен қатар, ол термометрді өзі сұрап алып, дене қызуын өзі тексеруге мәжбүр болғанын айтады.

Кейінірек, адвокат өзін КТ-ға түсіріп, екі жақты пневмония анықталғанын жазды. Ауруханадағылар қазір оның жағдайы қандай екенін айтып, осыған дейінгі заңгердің шағымдарына қатысты жауап берді.

Науқастың барлық белгілері коронавирус инфекциясы дертінің орташа деңгейіне сәйкес келеді. Оның қарқыны туралы нақ қазір айту қиын, өйткені науқастың бізге келгеніне бір күн енді ғана асты. Қазір денсаулығының төмендеу белгілері байқалмайдық, - деді жоғары санатты жұқпалы аурулар дәрігері Утағанова Тамара.

Оның сөзіне қарағанда, Өтебеков ауруханаға кешкісін екі баласымен бірге түскен. Олар дереу мамандандырылған бөлімге орналастырылып, тексеруден өткізілген.

Кеуде қуысының органдарын КТ-да шұғыл тексеру қажеттілігі болмады, сондықтан таңертең оған компьютерлік томография тағайындалды. Дене қызуын бірден тексерді. Науқастың өтініші бойынша жеке пайдалануға термометр берілді. Оған әйелін кіргізбегені рас, өйткені тым кеш кез болған.

Оның әйелі ауруханаға олардан бір күн бұрын түскен. Оларды бірден қоспаған себебі зайыбына жасалатын КТ таңертеңге белгіленген болатын. Сондықтан бұл эпидемиологиялық талаптарға сәйкес мүмкін болмады. Ал қазір отбасы бірге, - деп түсіндірді Утағанова.

Адвокаттың СПИД жұқтырған адамдарға арналған дәрі-дәрмектің өзінің жазбаша келісімінсіз берді деген шағымына қатысты дәрігер былай жауап берді:

Клиникалық көрсеткіштерге сәйкес, дәрігер жағдайдың ауырлығын анықтады. Дене температурасы өте жоғары болғандықтан, оған дәрі тағайындады. Негізінде, дұрыс тағайындалған. Иә, клиникалық хаттамада науқасты ақпараттандыру арқылы келісімін алу, онда да жазбаша түрде деген қарастырылған. Дәрігер тек ауызша айтты, ол оның жазбаша келісімін алған жоқ. Бірақ қазір науқас вирусқа қарсы ем қабылдап жатыр. Вирусқа қарсы терапия қалай жүргізіледі, оның қанша уақыт алатындығы - барлығы түсіндірілді. Бүгін емдеп жатқан дәрігер, бөлім меңгерушісі және біздің клиниканың бастығы науқаспен сөйлесті. Ол вирусқа қарсы препараттарды қабылдаудан бас тартқан жоқ. Бүгін ол келісімін берді.

Ол модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы 280 орынға арналғанын атап өтті. Қазір мұнда 231 науқас бар. Жансақтау бөлімі 80% -ға жуық көлемде қамтылған. Күнде мұнда ауысым бойынша 90 қызметкер жұмыс істейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: