Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан қалалық емханасы енді "ашық және адал емхана" болады

Арайлым Тастемір, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2020 01:01 Арайлым Тастемір
Өйткені дейді, аталған емханада "Түркістан - Адалдық алаңы" жұмыс істейді екен.

Түркістанның қалалық емханасында басқасын былай қойғанда, енді "ашықтықты қамтамасыз ету" жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыс орталығында жұмыс сапарымен жүрген Агенттік жанынан құрылған Республикалық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсе жетекшісі Төлеген Байгулов Түркістан қалалық емханасының жұмыс барысымен танысу барысында атап өтті.

Елордалық қонақ Төлеген Зинешұлы озық үлгіде салынған қалалық емхананың ішін аралап, заманауи үлгідегі жабдықтары мен цифрландыру жұмысына куә болды.

Емхананың бас дәрігері Райымбек Тасырбаев медициналық ұйымда цифролизацияның алдыңғы қатардағы жаңартулары, соның ішінде инфокиоск, куаркод, онлайн хабарлау, колл центр, тікелей Кмис-ке қосылған терминал, автодозвон, ПУШ және науқастарға СМС - хабарлама жеткізу ісі мен тіркеу орындарының қысқа мерзім ішінде оң өзгерістер мен жаңартулармен толықтырылғанын айтып өтті.

Республикалық кеңсе жетекшісі қалалық емхана қызметімен танысып, ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларына жоғары баға берді.

Айта кетсек, аталған емханада "Түркістан - Адалдық алаңы", "Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы" ашылған және емделушілердің бүлдіршіндері үшін арнайы ойын алаңдары жұмыс істейді.

Сондай-ақ, емдеу мекемесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да әлеуметтік қолдау көрсетілуде, яғни триаж жүйесі ашылған.

Бүгінде қала тұрғындарының денсаулығын сауықтыру жолында қалалық емханада жалпы саны 1300-ге жуық қызметкер сапалы қызмет көрсетуде.

Түркістан қаласының облыс орталығына айналуы ақ халаттылардың жауапкершілігін еселей түсіп, талай жанның ауруынан айығып кетуіне мүмкіндік сыйлауда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2020 01:01

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2020 01:01

Шүкір, осы бір "Adaldyq Alańy" дегеннен шығып жатыр біраз нәрсе.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: