Бейсен Құранбектің қайтыс болуына байланысты Елбасы көңіл айтты
facebook.com
Талай тың әлеуметтік бағдарламалардың дүниеге келуіне септігін тигізді.
Елбасы белгілі журналист Бейсен Құранбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
"Ол саналы ғұмырын отандық телевизияның дамуына арнады. Өз ісінің кәсіпқой маманы ретінде ұлттық ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосып, туған еліне адал қызмет етудің жарқын үлгісіне айналды. Талай тың әлеуметтік бағдарламалардың дүниеге келуіне септігін тигізді. Оның өнегелі өмірі мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін", - делінген жеделхатта.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript