Америкалықтар асырап алған қазақ баласының ағасы табылды
Америкалықтар асырап алған Марат Оразғалиев (Теодор Уолтонның) бірер күн бұрын Қазақстандағы отбасын іздеп, желіде жазба жариялаған. Көп ұзамай оның ағасы табылды, деп хабарлайды zakon.kz BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының қамқоршылық бөлімі Теодор Уолтонның туысқандарын іздеу жұмысымен айналысып, оның туыстық байланысы бар ағасын тауып, бүкіл деректі іздеушісіне тікелей тапсырғаны хабарланды.
Қазір олардың жеке кездесуін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
19 жастағы Теодор Уолтон Қазақстандағы отбасын іздейтіні туралы хабарламаны Facebook-тегі Kazakh American Association парақшасына орналастырған. Ол 2001 жылы туған, 2002 жылы оны американдық отбасы асырап алады. Оның азан шақырып қойған есімі - Марат Оразғалиев Тоқтарұлы. Ол Өскемендегі тегіне ұқсас адамдардың өзіне хабарласуын сұрады. Тағы да көмегі болады деп Қазақстандағы отбасының суреттерін жариялады. Ол суреттегілер оның ағасы мен әпкесі болуы мүмкін екен.