Жаңалықтар тізбегі
0

Н.Нығматулин: Мәжіліс депутаттары өздері әзірлеген заң жобаларының саны артты

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2020 17:11 Ж.Құспанов
Депутаттардың заң шығару бастамашылығы осы сессияда өте жоғары.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өтіп жатқан жалпы отырыста депутаттардың заң шығарушылылық жұмысына баса назар аударылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Нұрлан Нығматулин халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелеріне қатысты заң жобасын талқылау барысында айтты.

- Біз депутаттарымыздың бастамасымен әзірленген тағы бір заң жобасын мақұлдадық. Ерекше айту керек, біздің депутаттардың заң шығару бастамашылығы осы сессияда өте жоғары. Мысалы, 41 Заң жобасына депутаттар өздері бастамашы болды. Алдымызда тағы да оншақты заң жобасы бар, - деді Мәжіліс Төрағасы.

Мақұлданған құжатта Үкіметке халықаралық тасымалдарды қадағалап отыру жүйесінің ұлттық операторын айқындау бойынша құзыреттілік беру ұсынылады. Сонымен қатар, халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану бөлігінде тасымалдаушыларға қойылатын талаптарды белгілеу қарастырылған.

Осылардың қатарында электрондық сәйкестендіргіштерді қасақана бүлдіргені немесе жойғаны үшін әкімшілік жауаптылықты енгізу және электрондық сәйкестендіргіштерді пайдалану тәртібін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның бекітуі көзделеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: