Жаңалықтар тізбегі
0

Жұмағалиев енді қандай құжаттарды бірге алып жүрудің керегі болмайтынын айтты

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2020 22:57 otyrar.kz
eGov Mobile мобильді қосымшасындағы цифрлық құжаттар толық заңды күшке ие болып, қағаз құжатпен бірдей қолданылады.

ҚР Сандық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев жүргізуші куәлігі мен тіркеу куәлігін енді алып жүрудің қажеттігі болмайтынын, сондай-ақ электронды форматқа көшіру бойынша жоспарланған басқа қандай құжаттар бары туралы айтты. Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Әріптесім Ерлан Тұрғымбаевтың азаматтарға таяуда жүргізуші куәлігі мен техпаспортты өзімен бірге алып жүруінің қажеті болмайтыны туралы айтқаны кешегі күннің басты жаңалығы болды. Бұл шын мәнінде, көптен күткен шешім. Мемлекет пен азаматтың өзара цифрлық іс-қимылын жақсартуға жасалған үлкен қадам. Полицейлердің жүргізушілерден бұл құжаттарды талап етпей-ақ, оның бар-жоғын ЖСН арқылы тексеруіне техникалық мүмкіндіктер бар", деп жазды ол желіде.

Оның айтуынша, қазір Сенатта қаралып жатқан "Цифрлық технологиялар туралы" заң жобасы қабылданғаннан кейін, eGov Mobile мобильді қосымшасындағы цифрлық құжаттар толық заңды күшке ие болып, қағаз құжатпен бірдей қолданылады. Яғни, адамдар енді полиция қызметкеріне өз куәлігіңіздің цифрлық нұсқасын смартфоннан көрсете алады.

"Әзірге мобильдік қосымшада 4 түрлі құжаттың цифрлық нұсқасы бар: жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі, неке қию және бұзу, атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы. Біз мемлекеттік органдарға қосымшада сондай-ақ, студенттік куәлік, әскери билет, мүгедектік туралы куәлік, жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты және т.б. болуы үшін қажетті интеграцияны жүргізуді ұсындық. Бұл құжаттардың мобильдік қосымшада цифрлық нұсқаларының болуы азамат үшін өте ыңғайлы болар еді деп ойлаймын", деп нақтылады министр.

Сонымен қатар, біз мемлекеттік органдардың азаматтан талап етпей, өздері ала алатын анықтамалардан бас тартуы жұмыстарын жүргізудеміз. Жоспар бойынша, мемлекеттік органдар жыл соңына дейін 24 ақпараттық анықтаманы алып тастауға уәде берді. Ол үшін олар өз интеграциясын аяқтауы, сондай-ақ өз регламенттері мен НҚА-ны өзгертуі тиіс.

"Өмірімізге қажетті қағаз құжаттар санының азаятыны қуантады. Тағы қандай құжаттарды цифрлау қажет деп ойлайсыз?" деген министр желі қолданушылардың да пікірін ортаға салуды сұрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: