Жүк көлігі басып өтіп бара жатқанда көпір құлады

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2020 23:04 видеодан алынды
Жүргізуші зардап шеккен жоқ, сондықтан ауруханаға жатудан бас тартты.

Украинаның Днепропетровск облысындағы Каховское су қоймасы арқылы өтетін көпір жүк көлігі өтіп бара жатқанда құлады. Бұл туралы RT ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Дроннан түсірілген кадрларда құлаған көпірдің жиегіне жүк көлігінің тіркемесі салақтап, ілініп тұрғаны көрінеді. Жүк тиелген машинаның салмағы шамамен 36 тоннаны құрайды.

Жүргізуші зардап шеккен жоқ, сондықтан ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында жол қызметтерінің өкілдері жұмыс істеп жатыр, оқиғаның себептері анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: