Жаңалықтар тізбегі
0

ҚАЖ мекемелерінде кіші және аға басшы құрамның бос лауазымдары жасақталуда

ҚАЖ Департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2020 00:38 ҚАЖ Департаменті
Кадр саясаты тобының бас маманы әділет подполковнигі Айгерім Жанаманова департаментке қарасты түзеу мекемелеріндегі кіші және аға басшы құрамның бос лауазымдарын жасақтау мақсатында Алматы облысы Заречный ауылында және Алматыдағы Ұлттық Ұланның №3660 және №5571 әскери бөлімдеріндегі сарбаздармен кездесті.

ҚАЖ мекемелеріндегі кіші және аға басшы құрамның бос лауазымдарын жасақтау жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды zakon.kz Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақында Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Кадр саясаты тобының бас маманы әділет подполковнигі Айгерім Жанаманова департаментке қарасты түзеу мекемелеріндегі кіші және аға басшы құрамның бос лауазымдарын жасақтау мақсатында Алматы облысы Заречный ауылында және Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының №3660 және №5571 әскери бөлімдеріндегі сарбаздармен кездесу өткізді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2020 00:38

Кездесу кезінде сарбаздарға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезіндегі конкурс негізінде қабылдау шаралары мен тәртіптері түсіндірілді. Құқық қорғау органындағы қатардағы кіші және аға басшы құрамға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен тестілеуден өткен, әскери-дәрігерлік комиссиядан жарамды деп танылған 35 (отыз бес) жасқа дейінгі азаматтар қабылданады.

Әділет подполковнигі А.Жанаманова №3660 және №5571 әскери бөлімдеріндегі сарбаздарға құқық қорғау органына қызметке қабылдаудың бұдан басқа да тәртіптерін жан-жақты түсіндірді. Осындай тиімді үгіт-насихат жүмысының нәтижесінде қылмыстық-атқару жүйесі органына қызығушылық танытқан 78 сарбаздың жеке мәліметтері алынып, Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің мекенжайы беріліп, құқық қорғау органына қызметке орналасу тәртіптері жазылған буклеттер таратылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2020 00:38

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: