ХҚО-ларда көлік тіркеу уақытша тоқтатылды

Сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін еліміздің барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады.
Ағымдағы жылдың 26 мамырында құқыққорғау органдарының ақпараттық жүйелерінде (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) жоспардан тыс профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін еліміздің барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және "Электронды үкімет" порталында көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады, деп хабарлайды zakon.kz Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.
ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитеті келтірілген жайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Профилактикалық жұмыстар аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету штатты түрде жанданатын болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript