Жаңалықтар тізбегі
0

Жүйе кінәлі. Өтірік айтқан Салтанат Әзірбек кінәлі емес

Facebook/ Шамшархан Умирзаков, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2020 19:52 Facebook/ Шамшархан Умирзаков
Ішкі істер министрлігінің 65-70 проценті сержанттар мен қатардағы қызметкерлерден тұрады. Білім деңгейі басқа, санасы мен жауапкершіліктері бөлек олардың

Бастықтарымыз жауымыздан бетер болды. Салтанат Әзірбек кінәлі емес деушілер дұрыс айтады. Басшылық қалай десе, полиция офицері соны орындауға міндетті. Жүйе сондай, деген журналист Асқар Жалдинов бұрынғы Ішкі істер министрі, генерал-полковник Қайырбек Шошанұлы Сүлейменовтің сұхбатынан алынған бір үзіндіні келтірді.

"1994 жылы ҰҚК төрағасы Болат Баекеновті президент ішкі істер министрі етіп тағайындады. Мұндай эксперимент совет заманында Андропов тұсында болған еді. 1982-84 жылдары КСРО КГБ-сының көптеген қызметкерлерін милицияның жұмысына салып көрді. Ешқайсысы да ол жерде тұрақтай алмады. Өйткені ол лас жұмыс болатын. Жұмыс көп, бедел жоқ. Қит етсе, бәріне жауап бересің. Ал КГБ-ның жұмысы жақсы еді, тыныш, көзге түспейсің, сосын беделің де зор. КГБ негізінен халықпен күнде бетпе-бет кездеспейді. Халықпен күнде араласатындар гаишниктер, паспортистер, участковый сияқтылар еді. Әркімнің басында мәселе бар. Бірақ КГБ-ның адамына қалайша пара бересің? Не үшін бересің? Егер өзің бір жүрген шпион болмасаң... Оларда парақорлық та, жемқорлық та төмен болған. Құрамының 90 пайызы офицерлер, көбі жоғары білімді. Ал Ішкі істер министрлігінің 65-70 проценті сержанттар мен қатардағы қызметкерлерден тұрады. Білім деңгейі басқа, санасы мен жауапкершіліктері бөлек олардың. Баекеновты министр етіп тағайындағанда мен мемлекеттік кеңесші едім. Министр лауазымындағы алғашқы күндері-ақ ол жағасын ұстаған. Күнделікті сводкаға қарайды, басқаларын айтпағанда, 1 тәулікте ішкі істер органдарының қызметкерлерінің өзі 15 қылмыс жасайды, полицейлердің қатысуымен күнде 20 төтенше оқиға болып жатады: бірі суға батты, бірі пистолетін жоғалтты, бірі адам қақты, бірі енесін өлтірді, бірі парамен ұсталды, бірі мас күйде көшеде қатып өлді, бірі пойыздан ұшып өлді. Бәрі полицейлер. Осы жағдайлардың әрқайсысымен айналысу керек. Сұмдық қой дейтін. Ал КГБ немесе кейінгі ҰҚК-де ары кетсе жылына бір қызметкер ғана сондай бір төтенше оқиғаға ұрынатын. Өзгелерге сабақ болуы үшін ол қызметкер қатаң жазасын алатын. Ал полицияда жыл сайын мыңдаған қызметкер небір ЧП жасайды. Сонда айтатын маған, Ішкі істер басқармаларының бастықтарын орындарынан аламын деп. Мен айтамын оған, бірін алып тастап, орнына екіншісін қойғаннан түк өзгермейді деп. Бастық ауысқаннан енесімен төбелесуін, мас күйінде көлік айдағанды доғара қоймайды олар деп. Бұл былық жалғаса беретінін де айтамын оған. Оған тым қиын еді сол кездері, қолынан келгенше тырысты бірақ. Тәжірибесі мол адам еді, жақсы кісі еді. Не үшін екенін білмеймін, бір күні арыз жазып, отставкаға кетіп қалды. Премьер келіп, мені таныстырды, ол маған кабинеттің кілтін берді. Болды".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: