Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада санитарлық нормаларды сақтамаған 12 нысан жабылды

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2020 21:37 astana.gov.kz
Олар - дәмхана, мейрамхана, бар, азық-түлік дүкені, спа-салондар.

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлер және эпидемиолог мамандармен бірлесіп, санитарлық нормаларды бұзған нысандарды анықтау үшін күн сайын рейд жүргізеді. Мамырдың 21-26 аралығында 150 кәсіпорын тексерілді. Санитарлық нормаларды бұзған 12 нысан жабылды, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар - дәмхана, мейрамхана, бар, азық-түлік дүкені, спа-салондар. Одан бөлек "Бруно", "Roofork" және тағы басқа бірқатар нысанға айыппұл салынды.

Жұмысын қайта бастаған нысандар санитайзерлер орнатып, қызметкерлері мен келушілері маска киіп, арақашықтықты ұстану сияқты санитарлық нормаларды сақтауы тис. Еске сала кетейік, 18 мамырдан бастап қонақүй кешендері, қоғамдық тамақтану орындары, дәмханалар, мейрамханалар, діни құлшылық ету орындары (келушілері бір мезгілде 50-ден аспайтын) жұмысын қайта бастады. Отбасылық және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Санитарлық дәрігердің қаулысымен COVID-19 індеті толықтай жойылмайынша түнгі клуб, фитнес клуб, жаттығу залдары, спа салондар, массаж кабинеттері, косметологиялық орталықтар, клиникалар, орталықтар және т.б. жұмысына тыйым салынды.

Бұған дейін санитарлық талаптарды бұзған 26 нысан жабылды. Оның ішінде құрылыс комапниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. Бұл нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады. 150 кәсіпорын ескерту алды. Мұндай қатаң шаралар коронавирустың талауына жол бермеу үшін қабылданды.

Айта кетерлігі, елордада маска тағу режимі сақталуда. Халық көп жүретін жерлер мен қоғамдық көліктерде маскамен жүру керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: