Жаңалықтар тізбегі
0

Қатерлі ісікке шалдыққан балалар үшін қан тапсырылды

ҚАЖД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2020 17:50 ҚАЖД баспасөз қызметі
Қан тапсыру кезінде коронавирустың алдын алу талаптары қатаң сақталды.

Жуырда Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті аппараты мен департаментке қарасты ЛА-155/18 (тергеу изоляторы), ЛА-155/6 (балалар колониясы), ЛА-155/13 (қоныс колониясы) түзеу мекемелері мен Күзет және қадағалау бөлімінің жеке құрамы қатерлі ісікке шалдыққан балалар үшін қан тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Департаментке қарасты мекемелердің жеке құрамы әрдайым осындай қайырымдылық шараларын өткізіп тұрады. Обыр ауруы бүкіл дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған кесел. Біздің елімізде де қатерлі ісікке шалдыққандар саны аз емес. Ең өкініштісі балалардың да осы бір қауіпті аурудың уысына түсетіні. Бұл жолы осындай кеселге ұшыраған балалар үшін қан тапсырып, қайырымдылық жасауды ұйғардық", - дейді Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Е.Ұзақов.

Қан тапсыру кезінде коронавирустың алдын алу талаптары қатаң сақталды. Алматы қалалық Қан құю орталығының дәрігер-трансфузиологы Н.Дильманов, лаборант Ж.Жанбыршы және эксфузионист Н.Аблхаирова жеке құрамнан қан алу барысында сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, қауіпті дерттің алдын алу жолдары жайлы әңгімеледі. Аталған қайырымдылық шарасы кезінде 100 ден астам қызметкер қан тапсырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2020 17:50

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2020 17:50

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: