Алматы облысында коронавируспен тағы 15 адам тіркелді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2020 16:23 Сурет: zakon.kz
Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 адам тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Вирус жұқтырғандардың 5-еуі Талдықорған және тағы 5-еуі Қапшағай қалаларында, 1 адам ‒ Ақсу, 1 адам ‒ Талғар, 1 адам ‒ Қарасай, 1 адам ‒ Панфилов және тағы 1 адам ‒ Ескелді аудандарында тіркелген.

1964, 1973, 1975, 1989, 1962, 1987, 1996, 2015, 1994 жылдары туған 9 азамат профилактикалық мақсатпен тексеруден өткен. 6-уы — 1962, 2012, 1990, 1968, 1959, 1964 ж. т. бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болған.

Барлығы осыған дейін оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.

01.06.2020 ж. жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 376 адам тіркелген, олардың ішінде 191-і сауығып шыққан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: