Алматы жедел жәрдем диспетчерінде 17 қызметкер коронавирус жұқтырды

"Хабар 24", сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2020 20:56 "Хабар 24"
Қатынаста болғандар ретінде 15 адам анықталды.

Алматы жедел жәрдемінің баспасөз қызметі 17 диспетчердің коронавирусқа шалдыққанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел жәрдемде қазір 3 607 адам жұмыс істейді. Диспетчерлер саны – 98.

"COVID-19-ға қатысты жағдай бойынша, диспетчерлік бөлімде 1 маусымдағы жағдайға сәйкес – 17 диспетчерден коронавирус расталды. Жұқпалы аурулар стационарларында сегіз адам жатыр, провизорлық стационарларда тоғыз адам жатыр", – делінеді жедел жәрдемнің баспасөз қызметі берген хабарламада.

Жедел жәрдем қызметінің баспасөз хатшысы Гүлнар Қатыбаеваның дерегінше, қатынаста болғандар ретінде 15 адам анықталды, олардың арасында қызметкерлердің туыстары да бар. Барлығы оқшауланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: