КВИ тест бойынша Қазақстан берген анықтама қағаз шетелде жарамсыз
s0.rbk.ru
Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені Еуразиялық одақпен өзара талқылап жатыр.
Коронавирусқа тапсырған тест нәтижесі турал қазақстандық анықтама қағаз шетелде жарамсыз. Бұл туралы елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Ия, өкінішке орай, бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында анықтаманы тану туралы келісім жоқ. Бірақ негізгі мемлекеттік санитарлық дәрігерлер кеңесі аясында бұл мәселе көтеріліп, талқылануда, - деді Айжан Есмағамбетова онлайн-брифингте.
Ол "Ресейде Қазақстанның КВИ бойынша тест нәтижесі бар анықтама қағаз жарамды ма" деген сұраққа жауап берді: "Әзірге, жоқ, бірақ бұл мәселе талқылануда".
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript