Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Латын әліпбиіне біртіндеп, асықпай көшеміз

newtimes.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2020 15:38 newtimes.kz
Асығыстық бұл үлкен іске зиянын тигізуі мүмкін, оған мұқият байыппен келу керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында Қазақстан латын әліпбиіне біртіндеп, асықпай көшетінін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл процесс Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен "Рухани жаңғыру" тұжырымдамасы аясында қолға алынған.

Елбасы латынға көшу тек қазақ тіліне әсер ететінін, оның орыс тілінің жағдайына еш әсері жоқ екенін бірнеше рет айтты. Жаһандық ақпараттық кеңістік жаңа технологиялардың едел-жедел енгізілуі нәтижесінде тым тез өзгеріске ұшырауда. Біздің балаларымыз заманның осындай қарқынды өзгерісіне бейімделе дамуға мәжбүр, ал ақпараттардың негізгі ағыны латын графикасына негізделгенін өздеріңіз де жақсы білесіздер, - деді Президент.

Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін жаңғырту қазақ тілінің коммуникациялық мүмкіндіктерін кеңейту ниетінен туындағанын айтты.

Сонымен бірге біз Орталық Азия мемлекеттерінің тәжірибесін ескере отырып, күштеусіз, табиғи жолмен біртіндеп латын әліпбиіне көшеміз. Бұл арада кириллицадан латынға көшу емес, негізінен, қазақ тілінің емлесіне қатысты реформа туралы сөз болып жатыр. Сонымен қатар, қазақ әдебиеті классиктерінің барлық елеулі еңбектері кириллицада жазылғанын, қазақтың бірнеше буыны кирилл алфавитімен әріп танып, білім алғанын ұмытпауымыз керек. Сондықтан асығыстық бұл үлкен іске зиянын тигізуі мүмкін, оған мұқият байыппен келу керек, - деді Тоқаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: