Өзбекстан автокөліктерге импорттық акциз салығын жойды

pikabu.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2020 22:35 pikabu.ru
Енді Өзбекстанға шетелден әкелінетін автокөлік бағасы кем дегенде 2400 долларға арзандайды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 3 маусымда ішкі автокөлік нарығын дамыту туралы қаулыға қол қойды.

Бұл туралы республиканың әділет министрлігі хабарлады.

Құжатқа сәйкес, биыл 1 тамыздан бастап автокөліктерге акциз салығы жойылады.

Қазір республикада жеңіл автокөлік импортына 30 пайыздық акциз салығы алынып жүр. Ресейде, Қазақстанда және Украинада шығарылған жаңа автокөліктердің акциз салығы 2 пайыз деп белгіленген. Өзбекстанмен еркін сауда аймағы туралы келісімге отырған елдердің автокөліктеріне жеңілдік қарастырылған.

Қазір Өзбекстанға шетелден автокөлік әкелу үшін қосылған құн салығын (15%), кеден және акциз салықтарын төлеу керек.

Autostrada сайтының мәліметі бойынша, акциз салығы жойылған соң, Өзбекстанға шетелден әкелінетін автокөлік бағасы кем дегенде 2400 доллар арзандайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: