Билл Гейтс өзі және чиптеу жайлы дақпыртқа қатысты: Мұны сөз етудің өзі артық...
Америкалық кәсіпкер, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс өзі және әлемдегі адамдарды жаппай чиптеу жайлы қастық теориясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Коронавирус пайда болғалы бері әлеуметтік желілерде және Интернетте жаппай вакцинаны адамдарды чиптеу, сол арқылы оларды бақылауға қолдануды көздейтін Билл және Мелинда Гейтс қорының пандемияға қатысы бар деген қауесеттер тарады.
Мен ешқашан микрочиптермен айналысқан емеспін. Бұл дақпыртты жоққа шығарып, оны сөз етудің де өзі артық. Өйткені бұл тым ақылға қонбайтын жабайы дүние, - деді журналистермен болған кездесуде Гейтс деп жазады Business Insider.
Сонымен қатар ол кедей елдерге коронавирусқа қарсы вакцина сатып алатын жаңа қор құрылғанын жариялады.
Гейтстің айтуынша, алғашқы вакцинаны эпидемия жалғасып жатқан елдердің дәрігерлері, содан кейін - құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайды жою қызметінде жүргендер қабылдауы керек. Егер олар қорғалған болса, онда ауруды ары қарай жұқтыруды тежеуге болады...
... Мұны жаһандық масштабта жасау керек, - деп қосты миллиардер.
Билл және Мелинда Гейтс қоры Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының екінші ірі доноры болып табылады, олар 2018-2019 жылдары ұйым бюджетінің 9,76% -ын қамтамасыз етті. Қор дәрі-дәрмектер мен вакциналар саласындағы зерттеулерді қаржыландырады.