БҚО-да бір әйел коронавирустан көз жұмды
meteo-tv.ru
Оның қайтыс болғанына, негізі төрт күн болыпты. Қазақстанда коронавирустан жалпы саны 53 адам қайтыс болды.
68 жастағы науқас ем қабылдау кезінде ауыр халде болған, деп хабарлайды zakon.kz.
ПТР тесттен оң нәтиже шыққаннан кейін 27 мамырда науқас уақытша стационарға жеткізілді, деп жазады "Уральская неделя" порталы.
Науқасқа қант диабеті және басқа да қосымша аурулар диагнозы қойылған. Әйел қатты жөтеліп, тынысы тарылып, басы қатты ауырғанда ауруханаға келіп түсті. 2020 жылдың 30 мамырында жағдайы күрт нашарлап, науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, деп хабарлады БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Науқастың жағдайы күрт нашарлап, 3 маусымда жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлер реанимациялық шаралар қолданғанына қарамастан әйелді аман алып қалу мүмкін болмады. 3 маусымда түстен кейін биологиялық өлім тіркелді. Ал бұл жағдайдың тек 3 күннен кейін БАҚ-қа неге жария етілуі жайында ештеңе айтылмайды.
Қазақстанда коронавирустан жалпы саны 53 адам қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript