Алматының Жасыл экономика басқармасының басшысы жаңадан тағайындалды

Алматы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2020 19:50 Алматы әкімдігі
Бұл лауазымды қызметке Наталья Ливинская келді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Ливинская Наталья Жасыл экономика басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Наталья Ливинскаяның екі жоғары білімі бар, халықаралық қатынастар магистрі.

Еңбек жолын жеке компанияда жоба менеджері ретінде бастады. Ол сонымен қатар Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің өлкетану кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. Мемлекеттік органдарда 2013 жылдан бастап жұмыс істейді.

"Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ Қалақұрылыс орталығының басшысы қызметін атқарды. 2019 жылы Урбанистика және қалалық жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Осы уақытқа дейін ол әкімнің Урбанистика жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: