Алматы әкімдігі "Барахолка" базарының жабылатыны туралы сыбысты жоққа шығарды
zakon.kz
Бірақ карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс.
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы "барахолка" базарының жалға берушілері мен сатушыларына маусым айында тағы жұмыстың тоқтайтындығы туралы ескертіліпті деген ақпарат тарай бастады. Алайда Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.
Біз бұл ақпаратты растамаймыз. Барлық шешім бас санитарлық дәрігердің қаулысымен мақұлданады, бірақ жалпы, өздеріңізге белгілі, бір апта бұрын, яғни маусым айының 1-інен бастап коронавирустың алдын алу және оны анықтау, емдеу бойынша жаңа ережелер қабылданды, онда карантиндік режим жұмсартылған кейбір өңірде қызметіне рұқсат етілген объектілерге қойылатын талаптарды қатаңдату белгіленді, - деді Басқарма басшысы Еркебұлан Оразалин арнайы онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, әкімдік тұтастай алғанда қатаң карантин жағдайына оралуды көздемейді.
Біз бұл жағдайда рұқсат етілген нысандар мен өндірістерді қайта жабу орынсыз деп есептейміз, бізде ондай шешім де жоқ (жабу, қызметті тоқтату туралы - авт), бірақ жұмысына рұқсат етілген барлық кәсіпкерлік нысандарға санитарлық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған карантиндік талап күшейтіледі. Бұл бағытта СЖС қызметі белсенді жұмыс жүргізуде. Егер карантин талаптары бұзылғаны анықталса, иә, ондайда кейбір нысандар жабылуы мүмкін, сондай-ақ ауру жұқтырған адамдар анықталған жағдайда, - деп сөзін қорытындылады Еркебұлан Оразалин.
Оның айтуынша, қазір карантин шараларын жеңілдету және бірқатар нысандарды ашуға рұқсат беру арқасында Алматыда 800 мың жұмыс орны қалпына келтірілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript