Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда митинг өтетін орындар белгіленіп, халықтың талқысына ұсынылды

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2020 23:53 inbusiness.kz
Шеруге мың адамға дейін қатыса алады.

Елорда мәслихаты бейбіт жиын өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ орындарды немесе жүру маршрутын белгіледі. Құжат Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жария талқыға ұсынылды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бейбіт жиналыс – сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара" – делінген құжатта.

Аталған құжатқа сәйкес, елордада бейбіт жиындар мен шеру өткізу үшін 4 арнайы орын ұсынылған. Біріншісі – аумағы 4 380 шаршы метрді құрайтын, 1000 адам сыятын Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшесі қиылысындағы саябақ. Екіншісі – мың адам сыятын, аумағы 2 064 шаршы метрді құрайтын «Астаналық цирк» жанындағы алаң. Үшіншісі – аумағы 1 695 шаршы метр болатын Жеңіс, Абай даңғылы, Т.Бигелдинов және Желтоқсан көшелері төртбұрышындағы жазғы алаң. Бұл жерге 500 адам еркін сыяды. Шеру өткізуге арналған төртінші бағыттың ұзындығы – 2055 метр. Бағыт Абай даңғылы мен Сембинов көшелерінен, Жазушылар аллеясынан бастап, Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшесіне дейін жалғасады.

Шеруге мың адамға дейін қатыса алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: