Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда өткен митингілерде 53 адам ұсталған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2020 01:28 zakon.kz
Оның 8-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 7-не айыппұл салынды, біреуіне ескерту жасалды. Екі құқық бұзушыға қатысты билік өкіліне қарсы күш қолданғаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қалғандары кейін босатылды.

Карантиннің жалғасуына және коронавирустың жаппай таралу қаупіне байланысты республикамыздың бас санитарлық дәрігерінің шешімі бойынша елімізде барлық қоғамдық бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде митингтерге, шерулерге және демонстрацияларға тыйым салынады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Бас прокуратурасы ел азаматтарын арандатушылық әрекеттерге бой алдырмауға және "Бейбіт жиындар туралы" заңның талаптарын, сондай-ақ карантиндік шараларды қатаң сақтау қажеттілігіне байланысты заңсыз наразылық акцияларына қатыспауға шақырды.

Карантин режимін қатаң сақтау қажеттілігі туралы ескертулерге қарамастан, 2020 жылдың 6 маусымында Қазақстанның кейбір қалаларында адамдар заңсыз митингілер өткізуге әрекет жасады. Прокуратура мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері митингіге жиналған адамдарға олардың әрекеттерінің заңсыздығын түсіндірді. Алайда кейбір азаматтар заң талаптарын орындамады. Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдады. Карантиндік шектеулерді және заң талаптарын белсенді бұзушылар заңсыз әрекеттерін тыюдан бас тартқаннан кейін полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін, сондай-ақ құқықтық баға беру үшін полиция бөліміне жеткізілді, -деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Полицияға 53 адам жеткізілді. Оның 8-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 7-не айыппұл салынды, біреуіне ескерту жасалды. Екі құқық бұзушыға қатысты билік өкіліне қарсы күш қолданғаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Профилактикалық әңгімеден кейін қалғандары босатылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: