Павлодарда белі ауырып, емханаға келген әйелден коронавирус анықталды
Бір тәулік ішінде Павлодар облысында белгісі бар коронавирус инфекциясының 16 жағдайы тіркелді. Бұл жағдайлардың мән жайы туралы КВИ-дің таралуын болдырмау жөніндегі ведомствааралық комиссия толығырақ баяндап берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Коронавирус бес әйелден: 1957, 1969, 1989, 1984 жылғы және 11 ер адамнан: 1938, 1947, 1962, 1971, 1973 , 1979, 1982, 1983, 1985 , 1986 және 1988 жылғы науқастардан анықталды. Олардың барлығы - Екібастұз қаласының тұрғындары.
Науқастар медициналық ұйымдарға дене қызуына, жөтел мен тамақ ауруына, ентігіп, тынысының тарылуына, бас ауруына, жалпы әлсіздік бойынша шағымданып, көмекке жүгінген.
82 жастағы науқас бірнеше жыл бойы онкология бойынша дәрігер есебінде тұр.
51 жастағы науқас белі ауырып, емхана дәрігеріне қаралған. Алынған анализ және флюорография бойынша оған екі жақты пневмония, созылмалы бронхит диагнозы қойылды.
Тағы бір әйел кәсіпорындағы таңертеңгі тексеріс кезінде анықталды, оның дене қызуы көтеріліп, өзін жайсыз сезінген. Науқастардың барлық жағдайларында ПТР зерттеулерінде COVID-19 расталды. Науқастар Екібастұз және Павлодар қалаларының жұқпалы аурулар ауруханаларына жатқызылды. Науқастармен тығыз байланыста болған адамдар анықталды.
Санитарлық эпидемиологтар індет ошақтарында, пәтерде, тұрығн үй кіреберістерінде және жұмыс орнында дезинфекция жүргізді.
Облыста эпидемиялық шаралар жалғасуда.
8 маусымдағы жағдай бойынша Павлодар облысында 284 коронавирус инфекциясы тіркелген. 170 адам КВИ-ден емделіп, жазылды.