Жаңалықтар тізбегі
0

Аида Балаева "Рухани Жаңғыруға" жауаптыларға тапсырмалар берді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2020 21:59 Сурет: zakon.kz
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты шара Zoom бағдарламасы бойынша, онлайн форматта өтті.

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру және "Рухани Жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты жұмысына байланысты жиналыс өткізді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты шара Zoom бағдарламасы бойынша, онлайн форматта өтті. Кездесу барысында қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар мен жаңа жобалардың перспективалары және тағы басқа мәселелер қаралды.

Мемлекеттің сананы жаңғырту жөніндегі іс-шараларында сараланған көзқарас болуы қажеттілігіне, өңірлерде жұмыс істеудің маңыздылығына, жаңа интернет-жобаларды дамытуға және тағы басқа салалық өзекті мәселелерге барынша назар аударылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша министр жауапты адамдарға бірқатар тапсырмалар берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: