Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның мемлекеттік қарыз көлемі қауіпсіз шекте - Есеп комитеті

Экспресс К, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2020 17:44 Экспресс К
Алайда қарызды өтеу шығындарының көлемі өсуде.

Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова еліміздің мемлекеттік қарызы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекеттік қарыз Үкіметтің қарызы сияқты қауіпсіз шекте, - деді Годунова үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау кезінде.

Оның айтуынша, қарыздарды төлеуге және оларды өтеуге жұмсалатын шығындар өсіп келеді.

Үкіметтің қарызы бойынша шығын көлемі шамамен 1 триллион 400 миллиард теңгеге жетті. Алайда, біз МЖӘ жобалары, квазимемлекеттік сектор және жергілікті атқарушы органдар бойынша халықаралық қаржы ұйымдардың берген несиелерін қадағалау жұмыстарын қолға ала алдық, - деді Есеп комитетінің басшысы.

Сондай-ақ, ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев та мемлекеттік қарыз қауіпсіз шекте екеніне сендірді. Алайда ол мемлекеттік қарыздың көлемін қандай екенін сол күйі айтпады.

Қазақстанның қарыз деңгейі қауіпсіз шекте. Бюджет тапшылығы 1,3 трлн теңгені немесе ІЖӨ-нің 1,9% құрады, - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: