Жаңалықтар тізбегі
0

Ұйғыр тілі міндеттелген Ақтам ауылы мектебінде 5 мұғалім жұмыстан қуылды

7-su.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2020 15:20 7-su.kz
Алдағы уақытта бұндай бәле қайталанбас үшін облыстық комиссия мүшесі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай аудан белсенділерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Журналист, жазушы Қанат Әбілқайыр әлеуметтік желіде Ұйғыр ауданындағы ұлтаралық мәселеге қатысты екі пост жариялап, Қордайдағы жағдайдың тағы да қайталанбауын көпшіліктің назарына ұсынған еді. Аталған екі жазбада мемлекеттік идеологияға нұқсан келетін жайттардың орын алғаны, бұл жағдай жабулы күйінде қала берсе, тұтастығымызға қауіп төнетіні кеңінен тарқата айтылған. Желіде көп талқыланған Ұйғыр ауданындағы мәселеге Алматы облысы әкімдігі де назар аударып, арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеген болатын. Нәтижесінде, Алматы облысы әкімдігі аталған жайтқа байланысты бес адам қызметінен босатылғанын хабарлады, деп жазды 7-su.kz.

Автордың бірінші постында Ақтам ауылындағы мектеп мұғалімі ұйғыр тілін білуді міндеттеп отырғаны жайында сөз қозғалса, екінші жазбада мемлекеттік қызметкердің беймәлім туды (бейресми ұйғырлардың туы деп айтылады) бетіне жапсырып, желіге фото жүктегені туралы айтылады. Осы мәселелерге байланысты qazaqtimes.com сайты да журналистік зерттеу жүргізіп, көлемді материал дайындады. Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел "The Qazaq times" сайтына ресми жауабын ұсынды.

- Ұйғыр ауданындағы мәселеге қатысты облыстық комиссия құрылып, өңірде жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, Ақтам орта мектебінің директоры Измахунов Октябрь Турганович, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қапсаламов Мұқаметқали, сонымен бірге, аталмыш мектептің биология пәнінің мұғалімі Кахарова Түрдибуви қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, Ақтам ауылдық округі әкімі аппаратының спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Камаев Сабиржан Суняцунович және Тиірмен ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Якярова Умида қызметінен кетті. Алдағы уақытта аталған жайттардың қайталанбас үшін облыстық комиссия мүшесі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай аудан белсенділерімен жүздесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аудан халқы "бір құмалақтың" кесірінен тұтас өңірге сөз тигенін алға тартып, мұндай келеңсіз жайттың орын алғанына өкініштерін білдірді, - деді Ғалымұрат Жүкел.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: