Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанға биыл газ келеді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2020 18:36 видеодан кадр
"Интернациональный", "Лесазавод", "Өндіріс" тұрғын алабтары және қала маңындағы бірқатар ауылдарға құбыр тарту көзделген.

Елордаға көгілдір отын ақыры биыл берілетін болды. Қызылордадан мыңдаған шақырым құбырмен тартылған газ ең алдымен қала маңындағы елдімекендерге берілмек. Қосу кезеңі тамыз-қыркүйек айларына жоспарланған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бірақ бұл отынды пайдалану тұтынушылардың қалтасына едәуір салмақ салайын деп тұр. Себебі, тарифі қымбат. Оның үстіне көшеге келген құбырды тұрғындар өз ақшасына кіргізуге міндетті.

Абай Дүйсекеев, қала тұрғыны:

"Жоқ айтты, өздерің кіргізіп аласыңдар деп. Өздерің кіргізесіңдер, - дейді. Білмеймін, енді. Мына жерден трубаны шығарып қояды. Білмеймін, енді хоть қанша кетсе де, әйтеуір газ бар ғой. Пеш жақпаймыз. Түтін шықпайды. Жеңілдік қой. Сол көмірдің ақшасы кетсе жақсы".


Сұйық отынның қысымын бақылау үшін де Көктал тұрғын алабында дәл мынадай сырты қоршалған қондырғылар орнатылып жатыр. Ал, бас қалада алғашқылардың бірі болып жұмыс басталған ауданда 200 шақырым құбыр төселген. Әкімдік, әрбір үйге құбырлардан бөлек, жеке-жеке есептегіш құралдарын да тегін орнатып беруге дайын. Ал, көгілдір отынды үй ішіне кіргізу, жоба бойынша қарастырылмапты. Ол үшін, жекеменшік компаниялардық қызметіне жүгіну керек екен.

Мақсат Есмағұлов, қалалық әкімдіктің отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы:

"Біздің жобамызда, бұл арнайы құрылғылар есептегіш құралдар. Біздің жобада қарастырылған. "Бізде, заңға сәйкес, газбен жобалау газ тарту бойынша заңға сәйкес, тек қана әрбір үйдің алдына дейін әкеліп қоямыз. Одан кейін, қоршаудан кейінгі ішкі газ тарту жүйелерін. Сонымен қатар, ішкі газ тарату жүйелерін, сонымен қатар ішіне қажетті жабдықтарды тарту ол барлығы тұтынушы есебінен жасалу қажет".


Әкімдік өкілдерінің сөзіне сенсек келесі кезекте, "Интернациональный", "Лесазавод", "Өндіріс" тұрғын алабтары және қала маңындағы бірқатар ауылдарға құбыр тарту көзделген. Ол аудандарда жұмыстар жыл соңына дейін қолға алынбақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: