Мемлекет қазақтыкі. Шенеунігі орысша шүлдірлейді. Неге?
facebook.com / aman.seytkanov
Қазақтың ең үздік бес журналисін атаңыз десек, топ басында Платонов. Талып қала жаздадық.
Адам өкінбейтіндей өмір сүруі тиіс, дейді журналист Амангелді Сейітқан.
– Алып бара жатқан хобби жоқ. Әңгімеге ұқсас бірдеңелерді түрткіміз келеді. Талғат ағам телефон шалады. "Шағын жүз әңгіме жазайық" деп ұсыныс айтты. Ой үстіндеміз. Жүзге шама қайда, жұрт оқитын біреуін жазса ғой. Үлкендермен әңгімелесуді ұнатамын. Соғысқа қатысқан ардагерлермен, ауыл адамдарымен тілдескен қызық. Баяғыда ауылда, қалаларда түрлі байқаулар өтетін. Әуесқой әншілер шығады, бірі шофер, екіншісі ветврач дегендей. Мұғалімдер тағы бар. Соларды тыңдауға құштар болдық. Мықты әншілер. Қазіргі кәсіпқойларды екі орап алады. Дауыстары керемет. Әнуар Әзірбаев деген күйшіні көрдім. Домбыра шерткені сұмдық. Жалпы, Мақаншы өнерге жарыған. Дүйсен Мүкеев қандай еді, Сайлау Уәлиев ше?! Семейде "Абай әндерінің байқауы" өтетін. Санақ шығады. Өзгелері шырқайды. Жылыстап кетті ау, сол жылдар.
Бір түйгенім, кісінікі кісіге кетпейді. Адал болған сайын адымың ұзарады. Адам өкінбейтіндей өмір сүруі тиіс.
- Оңашада ой көп. Түкке түсінбеймін. Соның сырына үңілемін. Кейде ақымақ кейпіндемін. Бәлкім, сіздер жөн сілтерсіздер. Мемлекет қазақтыкі. Тілі де бар. Бірақ шенеунігі орысша шүлдірлейді. Неге? Жауап бере алмайсыздар. Себебі жауабы жоқ. Немесе осы Қазақстанға болсын дейтіндер аз. Өз еліне жаны ашымайтыны қалай? Абайды оқимын. Оқимын да күрсінемін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресеміз. Біреу айтады. "Күресетін қаржы полициясын жауып тастаса жемқорлық азаятын секілді" дейді. Ал түсін. Қазақтың өнері қайда? Неге ел күй тыңдамайды. Қазақтың әні қайда? Бес жыл бұрын дәріс оқыдық. Қазақтың ең үздік бес журналисін атаңыз десек, топ басында Платонов. Талып қала жаздадық, - дейді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript