"Қазақшаны ұқпаған". Алматыда бір жігіт қаскөйден қаһарманға айналып шыға келді
Facebook
Бүкіл түсінбеушілік қыздың қазақ тілін білмейтіндігінен туындаған.
8 маусымда Алматыда Әл-Фараби даңғылында белгісіз бір жігіт қызға тиіспек болды деп ақпарат тараған. Бұл туралы жәбірленуші қыз әлеуметтік желілерде жазба жариялап, жігіттің суретін таратқан. Бүгін, 11 маусымда бұл оқиғаның мүлде басқалай болғаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бүкіл түсінбеушілік қыздың қазақ тілін білмейтіндігінен туындаған.
Егер бұл рас болса, онда ол жігіт қаскөй емес, батыр болғаны! Сондықтан біз кешірім сұрауымыз керек. Мен өз атымнан зейнеткерді құтқаруға қатысушылардың барлығына алғыс айтамын. Бұл өзі қызық болды ... - деп жазды Дина Смаилова facebook-тегі парақшасында.
Содан кейін ол бұл оқиғаның бүкіл мән-жайын үтір-нүктесіне дейін қалдырмай былай баяндап шығады:
Көшеде бозбала кетіп бара жатқанда құлап бара жатқан қарияны көреді, ол бірден ол кісіні ұстап қалуға тырысады. Қарияны құшағына алғанымен, ол кісі есінен танып қалған еді. Шұғыл көмек шақыру қажеттігін бірден ұққан жігіт қалта телефонына қол салады. Бірақ оның ток қуаты тасылып қалған болып шығады. Содан айналадағылардан көмек сұрамақ ниетте қараңғы көшеде жігіт қарманып, жүгіре бастайды. Осы кезде ол құлаққап таққан IPhone телефонындағы қызды көреді. Қарияны құтқару үшін бір минутты да жоғалтқысы келмеген жігіт оған қарай жүгіріп барып, қартқа қатысты жағдайды түсіндіре бастады (әрине, қазақ тілінде), сөйтіп оған оның телефоны керек екенін айтады, алайда қыз жігітті тыңдаудың орнына көмек сұрап, бажылдап тұра қашқан. Оған бірдеме түсіндіріп жатуды артық деп тапқан жігіт әл-Фараби даңғылына қарай жүгіріп, жол бойында қолын бұлғап көлік тоқтатуға тырысады. Бір көлік тоқтап, жігіт сөзін тыңдаған ол көмектесуге келіседі. Осылайша екі адам қарияны көлікке салып, бірден ауруханаға тартады (айтпақшы, айыппұлдар болған жоқ). Олар қарияны шұғыл медициналық көмек ауруханасына алып келеді, оған сол арада инфаркт диагнозы қойылған. Қарияның бақытына орай, дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, ол кісі бір ажалдан аман қалды. Сонымен қаһарман жігіттердің есімдері: Қасымбеков Марат, көлік жүргізуші - Орлов Дмитрий, қарияның есімі - Амраев Әлішер...
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript