Қыркүйекте елорда оқушылары мектепке орала ма - ресми өкіл жауабы

azh.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2020 20:37 azh.kz
Ол еліміздегі эпидемиологиялық жағдай мен тіркелген ауру көлеміне байланысты.

"Қыркүйек айында астаналық оқушылар мектепке орала ала ма" деген сауалға Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қыркүйекке дейін екі айдан астам уақыт бар. Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, тіркелген ауру көлемі 2% -дан төмен болса немесе ешқандай ауру жұқтыру жағдайы тіркелмесе, онда біз бұрынғы өмір сүру қалпымызға ораламыз, ондайда балалар мектепке, студенттер өз оқу орындарында барып, білім ала алады, - деді Жанна Пірәлиева.

Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты 1-10 сыныптарға соңғы қоңырау онлайн режимінде өтті. Тек мектеп түлектерінің аттестат алу шарасы салтанатты жағдайда өтеді, бірақ ол барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізілуі тиіс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: