13 маусымнан бастап Сенат депутаттығына үміткерлер ұсыныла бастайды
obk.kz
Бұл процесс 12 шілдеде аяқталады.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға дайындық пен оны өткізудің негізгі іс-шараларының кестесі бекітілді, деп хабарлайды zakon.kz.
Депутаттыққа кандидаттар ұсыну ертеңнен басталады (13 маусым). Бұл процесс сайлауға бір ай қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18: 00-де аяқталады. Яғни, 12 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 18: 00-де 17 облыстың әрқайсысында кандидатураларды ұсыну шарасы аяқталады, - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенаты сайлауын 12 тамызға белгілегені хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript