Өткен тәулікте КВИ-ден тағы үш адам қайтыс болды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2020 14:30 Pixabay
Олар: Шымкент қаласының, Батыс Қазақстан облысының және Павлодар облысының тұрғындары.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясынан үш науқас көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

Олар: 1944 жылғы Шымкент қаласының, 1938 жылғы Батыс Қазақстан облысының және 1942 жылғы Павлодар облысының тұрғындары.

КВИ тесті оң нәтиже көрсеткен науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітім ретінде тіркеу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствааралық комиссия.

Жалпы, Қазақстанда COVID-19-дан 73 адам қайтыс болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: