Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Серік Әбденәлиев дүниеден озды

Серік Әбденәлиев – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада төрешісі.
Отандық спорт ардагері Серік Әбденәліұлы Әбденәлиев дүниеден озды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады, деп хабарлайды zakon.kz.
Серік Әбденәлиев – бүкіл өмірін боксқа арнаған жан. Өзі боксшы ретінде бірнеше рет ел чемпионатында топ жарса, мемлекеттік жаттықтырушы ретінде де жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлық: оның басшылығымен боксшылар Атланта олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды. Ал Сидней олимпиадасында бокс жарыстарына төрелік еткен бірінші қазақстандық төреші ретінде танылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз