Жаңалықтар тізбегі
0

Көкшетауда КВИ-дан көз жұмған екі науқас дерті әбден асқынғанда дәрігерлер көмегіне жүгінген

Xiong Qi/Xinhua/AP, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2020 16:55 Xiong Qi/Xinhua/AP
Уақытылы медициналық көмекке жүгінсе, оның арты бұлай қайғылы жағдайда аяқталмас еді.

Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар өңірде тіркелген коронавирус бойынша екі өлім жағдайына кеңінен тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Көкшетау қаласының 1952 жылы тұрғыны - әйел адамда екі жақты пневмонияның асқынуы биологиялық өлімге әкеліп соқты.

Екі жақты пневмония, лимфаденопатия және экссудативті плеврит белгілері бойынша науқас көпсалалы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Келіп түскендегі жағдайы ауыр деп бағаланды. Науқас дұрыс тыныстай алмай жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. ПТР сараптамасы онда коронавирус инфекциясы барын анықтады. Дәрігерлер бақылауы кезеңінде науқастың жағдайы жақсармады, тек нашарлай берді. Дәрігерлер жүргізген реанимациялық шаралар да нәтиже бермеді. Биыл 14 маусымда науқастың жүрегі тоқтады. Дәрігерлер бригадасы қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, жұмыс істеді, делінген хабарламада.

1977 жылғы ер адам да коронавирустан қайтыс болды. Ол коронавирус инфекциясын жұқтырып, өте ауыр халге түскен. Екі жақты пневмонияның асқынуы, тыныс алу мүшелерінің шоктық жағдайы.

Уақытылы медициналық көмекке жүгінсе, оның арты бұлай қайғылы жағдайда аяқталмас еді. Ер адам 4 күн бойы өз бетінше емделген. Ауруханаға 41,3 градус дене қызуымен келіп түсті, дәрігерлер оны төмендету үшін барлық шараларды жүргізді, бірақ ол нәтиже бермеді. Интоксикация синдромы мен тыныс алу жеткіліксіздігі салдарынан науқастың жағдайы нашарлап, ақыры 14 маусымында көз жұмды. Науқастың қайтыс болуына байланысты отбасы мен достарына көңіл айтамыз! - делінген өңірдің ДСБ хабарламасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: