Жаңалықтар тізбегі
0

Солтүстік Қазақстан облысында карантин тәртібі күшейтілді

иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2020 17:36 иллюстрация үшін алынды
Ал жазғы лагерьлер, кинотеатрлар ашылмайтын болды. Халыққа қызмет орталықтары қайтадан онлайн форматына ауысты.

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша оқушылар сарайы, фитнес клуб, караоке, боулинг орталықтары қайтадан жабылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ойын-сауық кешендері, сауда үйлері мен барлық базарлар кешкі 10-ға дейін жұмыс істейді. Қоғамдық көліктерге де шектеу қойылды. Балабақшаларда тек кезекші топтар қалады. Ал жазғы лагерьлер, кинотеатрлар ашылмайтын болды. Халыққа қызмет орталықтары қайтадан онлайн форматына ауысты.

Бүгін облыста тағы 15 адамнан ауру анықталды. Жұқпалы дерттің таралуына байланысты Тайынша қаласы карантинге жабылды.

Серікбай Қасмақасов, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы:

– Тайынша қаласында үш күнде 4 адам ауруға шалдықты. Осыған байланысты онда қайтадан блок-посттар қойылып, кіріп-шығуға тыйым салынды. Тұрғындардан барынша сақ болуды сұраймыз. Маска киіп, ара қашықтықты сақтаңыздар. Талаптар орындалмаса, карантиндік тәртіпті тағы да күшейтуге мәжбүр боламыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: