Жаңалықтар тізбегі
0

Сұйытылған газдың шекті бағасы 2017 жылдың деңгейіне дейін төмендейді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2020 04:39 pixabay.com
Энергетика министрлігі шекті бағаны Ұлттық экономика министрлігінің келісімімен тоқсан сайын бекітеді және ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

2020 жылғы 3-тоқсанда сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің бағалары ҚҚС есебінсіз 28000 теңгені құрайды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасында "Газ және газбен жабдықтау туралы" ҚР Заңына сәйкес (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде іске асырылатын сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын (бұдан әрі - шекті баға) мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады.

Энергетика министрлігі шекті бағаны Ұлттық экономика министрлігінің келісімімен тоқсан сайын бекітеді және ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

Шекті баға 2018 жылдың бірінші тоқсаны - 2020 жылдың екінші тоқсаны аралығында ҚҚС есебінсіз 38 701,67 тг/т деңгейінде сақталды.

Шекті баға 2020 жылдың 3-тоқсанында ҚҚС есебінсіз 28 000 тг/т деңгейінде белгіленді. Бұрын, шекті баға 2017 жылдың 1 тоқсанында ҚҚС есебінсіз 28 000 тг/т деңгейінде белгіленген болатын.

Бұл ретте, Министрлік бекітетін шекті бағалардың деңгейіне әсер ететін сыртқы нарықтағы бағалар шамадан тыс құлдыраған жағдайда отандық өндірушілер үшін салдарларды барынша азайту мақсатында шекті бағаны 2017 жылдың 1-тоқсанында белгіленген бағалар деңгейінен, яғни ҚҚС-сыз 28 000 тг/т төмендеуге жол бермеу жөнінде тиісті нормалар көзделген.

Өз кезегінде, сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу:

- сұйытылған мұнай газын тұрмыстық тұтынушыларға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы бөлшек саудада өткізу;

- сұйытылған мұнай газын халыққа тұрмыстық баллондарда өткізу;

- сұйытылған мұнай газын автомобильдік газ толтыру станциялары арқылы өткізу (автогаз);

- сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушыларға өткізу құнының төмендеуіне ықпал етеді.

Тиісінше, бұл оң мультипликативтік нәтиже береді және тұтынушылардың шығындарын азайтуға алып келеді, ол төтенше жағдайдан кейін қалпына келтіру кезеңінде айрықша өзекті болып табылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: