Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай тым нашарлап кетті

Strategy2050.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2020 20:48 Strategy2050.kz
Соңғы үш күнде күніне елорда ауруханаларына 150-дей науқас келіп түсуде.

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Сәуле Қисықова қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта елордада эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетті. 2020 жыллдың 17 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында 2 951 коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелді. Вирусты жұқтырғандар саны өсуде, - деді Сәуле Кисикова ОКҚ брифингінде

Ол дәрігерлерге, медбикелерге және коронавирус инфекциясымен жұмыс істейтін барлық басқа қызметкерлерге үлкен жүктеме түсіп жатқандығын айтты

Сонымен қатар ол жедел медициналық жәрдем қызметіне түсетін қоңыраулар саны 3,5 есеге артып, 3 700-ге жеткенін, оның 2 мыңнан астамына қатысты шара қабылданып, жұмыс көлемі 2 есеге артқанын артты.

"Ауруханаға тек КВИ бойынша келіп түскен қоңыраулар саны соңғы тәулік ішінде 427-ге дейін, яғни 8 есе өсті. Өткен тәулікте жедел жәрдем тобы қызметіне 110-нан астам науқас жүгінген. Бақытымызға орай, жылдың басында біз елуден астам автокөлік сатып алдық, бұл қандай да бір жолмен жүктемені жеңілдетуге көмектесуде. Сонымен қатар, емханалар деңгейінде көліктер қосымша тартылды.Коронавирус мәселесі бойынша тұрғындармен байланысты күшейту үшін жедел жәрдем станциясының базасында қосымша байланыс орталығы құрылды", - деді бас санитарлық дәрігер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: