Жаңалықтар тізбегі
0

Жалғыз банкомат: Алакөлге ақшамен бармаса болмайды...

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2020 21:55 altaynews.kz
Туристік маусым қыза түскенге дейін банкомат мәселесі оң шешімін таба ма, таппай ма, одан тұрғындар да, атқамінерлер де бейхабар.

Алакөлге тиіп тұрған Үржар ауданы, Қабанбай ауылы тұрғындарының ай сайынғы ақшаға қол жеткізуі мұң болып тұр. Өйткені елді мекендегі 4 мыңнан астам халыққа - жалғыз банкомат. Туристер ағылып келетін ауылдың заман ағымының жылдамдығына ілесе алмай тұрғанын Altaynews хабарлады.

Біз барғанда ұзын сонар кезек. Банкомат "Қазпоштаға" қарайды екен. Алайда, екі күннің бірінде істен шығып, қалыпты қызмет көрсетпеуіне байланысты тұрғындар уақтылы зейнетақы, түрлі жәрдемақы, еңбекақыларын ала алмай жүр.

Мұнда санитарлық-эпидемиологилық норма мен арақашықтық туралы сөз қозғаудың өзі артық. Бір-біріне сығылысқан жұрттың барлығы есікке ентелеп тұр.

- Бүкіл Қазақстан демалуға келеді. Адамдар үлкен кезекке тұрады. Сұмдық қой мынау. Ауылдағы жалғыз банкомат - осы. Ай сайынғы жалақыға қол жеткізу бір азап болды, - дейді Айгерім есімді ауыл тұрғыны.

Сұмдығы, сұмдық. Қыстың аязында да, аптап ыстықта да далада кезек күткен жұрт. Себебі "Қазпоштаның" іші тар, ал ғимарат сыртында не бір орындық жоқ, не бейнебақылау жоқ. Ал Алакөл жағалауында банкомат болмағандықтан, демалушылардың барлығы Қабанбай ауылына келіп, осында "ақша шешеді".

Семейден Үржарға қонаққа келген 70 жастағы мына әже де (атын атамауды сұрады) ауылдықтардың азабын бірге тартып, бір күнін пошта алдында өткізді.

- Ақшамызды уақытында ала алмай отырмыз. Таңертең келгеннен әлі отырмын, кеш болды. Ауылдастарымның айтуынша, әсіресе, зейнетақы алған кезде банкомат бұзылады немесе ішінде ақша болмай сансыратып қояды екен. Неге бірнеше жерге банкомат қоймайды?! - дейді әжей.

Тұрғындар бұл мәселе жөнінде билікке бірнеше рет шағымданғанбыз дейді. Бірақ түйіні әлі табылмар емес. Енді міне, Алакөлдің жағалауы туристерді қабылдап, шомылу маусымы басталысымен жағдай одан сайын ушыға түскен.

Банкомат мәселесімен Қабанбай ауылдық округінің әкіміне хабарластық. Әкім банкомат тапшылығымен таныс екендігін, алайда тұрғындардан жеке шағым келіп түспегенін алға тартады.

- Мәселемен таныспын, бірақ тұрғындар тарапынан ешқандай шағым болған жоқ. Негізі бұрын 2 банкомат болған. Былтыр Қабанбай ауылындағы банкоматты тонап, «Қазпоштаны» өртеп кеткеннен кейін 1 банкомат жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта екінші банкомат қалпына келеді. Негізінен "Халық банк" АҚ картасын ауылдың 980 адамы пайдаланады екен. Осыған байланысты "Халық банкке" әкімдік банкомат ашу үшін ұсыныс жібердік. Бірақ ол жағы белгісіз, – дейді Қабанбай ауылдық округ әкімі Тимур Бозекенов.

Дегенмен әкім мырза екінші банкоматтың қашан іске қосылатынын дөп басып айта алмады. Туристік маусым қыза түскенге дейін банкомат мәселесі оң шешімін таба ма, таппай ма, одан тұрғындар да, атқамінерлер де бейхабар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2020 21:55

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: