Шымкентте “Халқымыз біздің-байлығымыз” акциясы өтуде
“Халқымыз біздің-байлығымыз”. Шымкентте осындай атаумен коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды ерте анықтау мақсаттында іс шара өтті, деп хабарлайды zakon.kz.
Игі іс шара аясында білікті дәрігерлерден құралған бригада қызметкерлері эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтап және тиісті жеке қорғану құралдарын пайдаланып қаланың шетіндегі елді мекендердергі созылмалы ауруға шалдыққан науқастарды медициналық тексеруден өткізді.
Арнайы жасақталған мамандар тобының қатарында елді мекендерде табыла бермейтін дәрігерлер де бар. Денсаулық керуенінде жасақталған топта невропатолог, стоматолог, маммолог , онколог, кардиолог, окулист сынды мамандар жергілікті халыққа медициналық қызмет көрсетті.
Сондай-ақ шара аясында мамандар халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға арнайы барып, коронавирус инфекциясы турасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, инфекциядан қорғану жолдары туралы кеңес берді.