Елімізде өткен тәулікте КВИ-ден тағы 5 және бүгін бір кісі өлімі тіркелді
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 5 науқас және бүгін бір адамның қайтыс болғаны жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Атап айтқанда, өткен тәулікте КВИ-ден көз жұмғандар мына өңірлерде тіркелді:
Нұр-Сұлтанда - 1956, 1966 және 1942 жылғы ер адамдар.
Ақмола облысында 1955 жылғы әйел.
Алматыда 1960 жылғы ер адам.
Сондай-ақ бүгін Атырауда 81 жастағы зейнеткер коронавирустан қайтыс болғаны жария етілді.
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 1939 жылғы қарт ер адам жедел жәрдем көлігімен облыстық туберкулезге қарсы диспансердің уақытша ауруханасына жеткізген. Ол кісінің дене қызуы 39 градус болған және жөтеліп, тәбетінің жоқтығына шағымданған.
Науқастың айтуынша, маусым айының басынан бері жөтеліп, тәбеті жоғалған. Үйде қарт адам өз-өзінен емделген, бірақ одан денсаулығы жақсармаған. 11 маусымда зейнеткер "Медикер" орталығында қаралды, ол жерден ол кісі облыстық туберкулезге қарсы диспансердің уақытша ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Уақытша ауруханаға қабылдау кезінде қарттардың жағдайы қалыпты деп бағаланды. Зейнеткер ПТР тесттен өтіп, COVID-19 диагнозы расталды.
КВИ тесті оң нәтиже көрсеткен науқастар арасындағы өлімді зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітім ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады.
COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК мәліметі бойынша, Қазақстанда коронавирустан жалпы саны 119 кісі өлімі тіркелді.