Жаңалықтар тізбегі
0

Президенттің баспасөз хатшысы коронавирустан емделіп, ауруханадан шықты

Facebook/ Berik Uali, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2020 22:42 Facebook/ Berik Uali
Ол жан сақтау бөліміне жатқызылған еді.

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирустан емделіп, ауруханадан шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Ауруханадан бүгін шықтым. Дәрігер қорытындысында менің жағдайым жақсарып келе жатқаны айтылады. Маған коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды. Денсаулығым ауыр деп бағаланды. Екі жақты пневмонияны тіркеді, бес күн бойы жансақтау бөлімінде жаттым, - деді Берік Уәли.

Оның айтуынша, енді ол үйде қатаң карантин режимінде болады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы әлі де дәрігерлердің бақылауында болады, отбасы мүшелерімен тікелей байланысқа тыйым салынған.

Жалпы, осыдан кейін дәрігер мені әрі қарай хаттама мен келісілген тәртіпке сай қарап, тексеретін болады, - деді Берік Уәли.

Ауруханадан босап шыққан Берік Уәли алдындағыдай қашықтан жұмысын жалғастыра бермек.

- Мен ауруханада жұмыс істедім, сол секілді қашықтықтан жұмысымды жалғастыра беремін, - деді ол.

Сөз соңында Берік Уәли дәрігерлерге, мейірбикелер, сондай-ақ барлық медициналық қызметкерлерге өз алғысын білдірді.

- Кеше бізде медицина қызметкерлері күні болды. Олардың бәрін де қаһарман жандар дегім келеді. Олардың кейбіреулері бірнеше айдан бері отбасыларын көрмеген. Олар шынымен де мықты адамдар, - деп сөзін қорытындылады Берік мырза.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: