Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
Үкімет "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп экономиканың зардап шеккен салаларындағы бизнестің жағдайын мониторингілеу мақсатында Жедел штаб құрды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Атамекен" ҰКП-да Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде кәсіпкерлік мәселелері бойынша Жобалық кеңсенің отырысы өтті. Роман Скляр Премьер-Министр Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша экономиканың зардап шеккен секторларындағы жағдайдың жедел мониторингін қамтамасыз ету үшін "қарапайым заттар экономикасын" дамыту жөніндегі Жобалық кеңсенің мандаты кеңейтіліп, бизнестің жай-күйін мониторингілеу үшін жедел штаб құрылғанын хабарлады. Роман Склярдың жетекшілігімен Жобалық кеңсенің құрамына "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік ететін әкімдердің орынбасарлары, бейінді орталық мемлекеттік органдардың өкілдері кірді", делінген ҚР Үкіметінің ресми сайтында.
Премьер-Министрдің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Дана Жүнісова жедел штабтың міндеттері туралы ақпарат берді. Мәселен, штаб өңірлердегі кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйіне және карантиндік шаралардың бизнесті жүргізу жағдайларына әсер етуіне мониторинг жүргізеді, неғұрлым зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілерінің саны туралы өзекті мәліметтерді қалыптастырады, сондай-ақ кәсіпкерлік белсенділікті қалпына келтіру және дамыту, жұмыспен қамтуды сақтау бойынша жедел және жүйелі ұсыныстар әзірлейді.
Бизнестің жай-күйі туралы жедел деректер апта сайын үш көзден құралады: әкімдіктер, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және тікелей бизнестен. Осылайша, бизнес өзінің жағдайы мен проблемалық мәселелердің бар екендігі туралы тікелей хабарлай алады.
Кәсіпкерлер үшін онлайн-сауалнама жасалған, оны толтыру үшін мына сілтеме бойынша өтуге болады: https://forms.gle/GSB5Bsf6GSTz3eeW9. Жиналған деректер негізінде жедел штаб кейіннен қажетті қолдау шараларын қабылдау үшін Үкіметті хабардар ететін болады.
Өз кезегінде Абылай Мырзахметов бизнес пен мемлекеттік органдардың үйлесімді және жедел жұмысының нәтижесі проблемаларды дер кезінде шешуге және оларды ерте кезеңде диагностикалауға болатынын атап өтті.
Жобалық кеңсенің отырысын қорытындылай келе, Роман Скляр шұғыл штаб жиыны әкімдердің орынбасарларынан өңірлердегі қазіргі жағдай туралы ақпарат алып, апта сайын жүргізілетінін хабарлады. Сондай-ақ Жедел штаб апта сайын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жүргізіп отырған жұмысының нәтижелері туралы хабардар ететін болады.