Нұр-Сұлтандағы соттардың ғимараты жабық тұр

rus.azattyq-ruhy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2020 16:37 rus.azattyq-ruhy.kz
Әкімшілік істерді, алдын-алу шараларын санкциялау, қамауда ұстау мерзімін ұзарту және кейбір жедел қарауды қажет ететін материалдарды қоспағанда, сот істерін онлайн режимінде қарау кейінге қалдырылды.

Судьялардың коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында соттардың ғимараттары жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының жеке судьялары мен сот қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты 2020 жылдың 24 маусымы мен 3 шілдесі аралығында сот ғимараттарында карантин жарияланды, деп хабарлайды елордалық соттың баспасөз қызметі.

Әкімшілік істерді, алдын-алу шараларын санкциялау, қамауда ұстау мерзімін ұзарту және кейбір жедел қарауды қажет ететін материалдарды қоспағанда, сот істерін онлайн режимінде қарау кейінге қалдырылды.

- Бұл - мәжбүрлі шаралар және азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған. Бұған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқор болыңыз! - делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: