Жаңалықтар тізбегі
0

Су жоқ. Еңбекшіқазақ ауданында шаруалардың егіні қурап барады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2020 15:47 видеодан кадр
Алматы облысындағы шаруалар биыл өнімсіз қалуы мүмкін. Өйткені егіс алқаптары мамыр айынан бері су көрмеген.

Бір ғана Еңбекшіқазақ ауданында 150-ге жуық шаруа қожалығының егіні қурап барады. Ал су шаруашылығына жауапты мамандар алқаптарыңның 50 пайызын сақтап қалсаңдар соған рахмет айтыңдар деп шығарып салыпты. Жер емген диқандар Бартоғай қоймасында су тапшы дегенімен, Үлкен Алматы каналы арқылы тіршілік нәрі өзге аудандарға жіберілгеніне ашынуда. Енді су бермесе шаруалар Қонаев атындағы каналдың іргесін сөгуге бекініп отыр. Әйтпесе, жер кеуіп, төккен терінің зая кететін түрі бар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Еңбекшіқазақ ауданындағы 150-ге жуық шаруа қожалығы биыл қарызға белшеден батуы мүмкін. Өйткені бір гектарына 150 мың теңге жұмсап еккен дақылдары мамыр айынан беру су көрмепті. Алды қурай бастаған. Диқандар негізінен соя, жүгері, бидай, жоңышқа егіпті. Онымен қоса өрік, алма өсіретін ондаған бау-бақшалары да бар екен. Бартоғай су қоймасынан су алып отырған шаруаларға "Қазсу шаруашылығы" биыл тіршілік нәрінің мөлшері азайды деген желеумен жылдағы берілетін судың өзін беруді қойған.

Ербосын Жақабай, кооператив төрағасы:

"Жылда судың бағасын көтереді бір. Екіншіден біздің берген ұсынысымызды толығымен суды жеткізе алмайды. Үшіншіден БАК-та су жоқ дейді су бар. Оны бірақ Алматы жақа қарай жіберіп жатыр. Оны кімге жіберіп жатыр, қалай жіберіп жатыр оны біз білмейміз. 48 шаруа қожалығына 2 текше метр 300 литр су жетеді. Қазіргі беріп тұрғаны бір кубы 300 литр. Ал, ол маған жетпейді".

Ырыскелді Жақабаев, кооператив төрағасы:

"Су жоқ деп жаздың ортасында сендер енді полені 10 гектар айдасаң бес гектарын тастап. Одан кейін вобше су жоқ болатын шығар дейді. Біздің шаруамыз жоқ. Біз келісімге отырдық. Жылда ақшасын төлеп отырмыз суға. Ешкім қарыз емес. Біздің суды тауып берсін".

Судан тарыққан шарулар "Қазсу шаруашылығы" мекемесінің бөлімшесіне барып, қажетті мөлшерде су беруді талап етті. Аудандағы Сөгеті, Шелек, Асы тағы басқа 24 ауылдық округтің тек 10-ы ғана Бартоғай су қоймасынан су алады екен. Қалғандары Үлкен алматы каналынан суғарады. Суға жауапты мамандар тапшылықты ауа райынан көріп отыр. Күннің салқын болуынан мұздақтар баяу еріп, жылдағы мөлшерінен азайып кетіпті.

Ал үлкен Алматы каналына кетіп жатқан суға біздің басшылар жауапты деп ат тонын ала қашты.

Нұрғожа Жусанбаев, Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы Шелек бөлімшесінің басшысы:

"Шаруа қожалықтарының суға тапшылық болып жатқаны биыл өзі Қазақстан бойынша мына таудан келетін су келмей жатыр. Приток дейді келмей жатыр. Сондықтан тастап жатқан 95 куб метр судың келіп жатқаны бүгінгі таңда бартоғай су қоймасында 100 миллион текше метр су қалды".

Ширек ғасырдан астам уақыттан бері егіншілікпен айналысып келе жатқан шаруалар кенеттен су азайып кетті дегенге сенбейді. Өткен жылдан бастап тіршілік нәрінен тарықтыра бастаған. Шаруалар су азайған жоқ, барын там-тұмдап берудің ар жағында аға көкелері барлар тұр деп ашынады.

Арзыгүл Қабашева, шаруа қожалығының төрағасы:

"Неге мартта айтпадыңдар десек айта алмайды. Мартта су бар еді. Әзір бар суды БАК-қа салып 51 мың кубты Алматы жақа қуып жатыр. Біреуінің прокурор ағасы бар, біреуінің налоговыйда ағасы бар екен. Сонымен сол жаққа қуып жатыр. Біздің ағамыз да жоқ өзіміз крестиандар. Біздің суды қысқартып жатыр. Екінші жыл осылай жасап жатыр".

Су мекемесіндегілер су тапшы дегенімен Үлкен алматы каналы арнасына сыймай ағып жатыр.

"Міне көріп тұрсыздар толы канал. 15 жылдан бері су бұлай ақпайтын".

Шаруалар қазір сояға сұраныс жоғары екенін айтады. Өнім сапалы болу үшін кемінде 8-9 мәрте суғару қажет. Ал егіс алқаптары әлі бір рет те суғарылмаған. Арнасына сыймай жатқан өзеннің ең болмағанда төрттен бірін берсе деп армандайды. Бұл мәселе өткен жылы да туындап, кей шаруалар қураған жерлерін тастап кеткен. Әзірге Алматы облысында шырылдаған диқандарға болысатын жан табылмай тұр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: