Жамбыл облысында әкімдік бухгалтері 17 млн теңге ұрлады
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында, Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің есепшісімен, өзінің қызметтік мүмкіндіктерін қолдана отырып, қасақана түрде, Байзақ ауданының мектептерінің бірінде жұмыс атқаратын үш мұғалімге артығымен негіссіз 17 миллион теңге айлық қаражат ретінде аударылғандығы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазіргі уақытта, Байзақ ауданы білім бөлімінің есепшісіне қатысты, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен ҚР ҚК-ң 189 бабы 4 бөлігімен, яғни мемлекттік бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу бойынша, қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексерілуде.
Бұл қылмыстық құқық бұзушылықты жүзеге асырған тұлға жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз жазаланады.